«Табаған» спорт кешенінде Унверсиада ойындары барысында фристайлың акробатика түрінен командалық сайыс өткен болатын. Осы бәсеке барысында Қазақстандық жұп Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек чемпион атанды.
«Алғашқы сайыс күні қола медаль алғаныма біраз қапаландым. Командалық сайыста намысқа тырысып, ең жоғары ұпайды еншілеймін деп өз-өзіме ант бердім. Бағлан екеуміз бірігіп, фристайлдан Қазақстан командасы ең мықты екенін дәлелдей алдық.
Бұған дейін біз командалық сайыста тек екі рет қана жарысып көрдік. Екеуінде де төмен нәтижеге қол жеткіздік. Бұл жолы да қалай болар екен деген ойлар мазалаумен болды. Бұл сайстың басты екершелігі тек өзің үшін емес, серіктесін үшін де бірдей алаңдайсың», — дейді Жанбота Алдабергенова.
Өз кезегінде Бағлан Іңкәрбекте осы универсиада ойындарына тыңғылықты дайындалғандарын айтты:
«Ойындар басталғанда біз командалық жарыстың болатынын білдік. Бірақ сайыс форматының қандай болатынын алдын-ала ешкім айтқан жоқ. Қуанышымызға орай бір элементті бірнеше рет орындаудың реті туды. Соның арқасында өзімізге ыңғайлы секіру жаттығуын орындадық. Арманым үлкен сайыстарды топ жарып, осы спортта екер жүрмегенімді дәлелдеу болатын. Соған бір саты жақындай түскендеймін».
Айта кету керек, Универсиада ойындары аяқталмай жатып, 6-шы қаңтар күні фристайлшыларымыз Корея елінде өтетін әлем кубогынада бақ сынайды.