Басты бет / Бокс / ЧЕМПИОНДАР ОРНЫН КІМДЕР БАСАДЫ

ЧЕМПИОНДАР ОРНЫН КІМДЕР БАСАДЫ

Қазақстан боксы алдағы уақытта үлкен өзгерістерді бастан кешуі мүмкін. Екі бірдей салмақ дәрежесінде құрама көшбасшылары әуесқой бокстағы мансаптарын аяқтады. Сол бос орындардың біріне Павлодарлық Олжас Букаев үмітті.

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко кәсіпқой боксқа ауысатындарын мәлімдеді. 69 келі мен ауыр салмақта құрамаға жаңа боксшы алынатын болады.

Аса ауыр салмақта Дычконың орнын Павлодарлық боксшы Олжас Букаев басуы мүмкін. Ол былтырғы ел біріншілігінің чемпионы атанған болатын.

«Қамшыбек Қонқабаев, Олжас Букаев және Нұрлан Сапаровтарды ерекше айта кету керек. Басқа да талантты боксшылар бар. Жастарымыз алдағы Халықаралық сайыстарды өз-өздерін көрсетуі тиіс. Қателіктермен жұмыс жасайтын боламыз. Алда Азия чемпионы мен әлем біріншілігі бар. Сондықтан біз жастарды жаңа деңгейге көтеруіміз керек», — дейді құрама бас бапкері Мырзағали айтжанов.

Сондай-ақ

ЮБЭНК: ГОЛОВКИН ТУРАЛЫ ЖҰРТ ҚАТЕ ПІКІРДЕ

  Британиялық боксшы кіші Крис Юбэнк (23-1, 18 КО) Independent басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкинмен …