Басты бет / Без рубрики / ЭЛИЗАВЕТ МӘСКЕУДЕГІ ГРАН-ПРИГЕ ҚАТЫСАДЫ

ЭЛИЗАВЕТ МӘСКЕУДЕГІ ГРАН-ПРИГЕ ҚАТЫСАДЫ

 

4-6 қараша аралығында Ресей астанасы Мәскеу қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Rostelecom Cup» Гран-при кезеңі өтеді.

Бұл сында Қазақстандық спортшылар арасынан Элизавет Тұрсынбаева қатыспақшы.

Мәнерлеп сырғанау спортынан Гран-при додалары алты кезеңнен тұрады. Олар АҚШ, Канадп, Ресей, Франция, Қытай және Жапония елдерінде өткізіледі. Спортшы тек екі кезеңге ғана қатыса алады. Ең көп ұпай жинаған мәнерлеп сырғанаушылар финалдық кезеңге жолдама алады. Биылғы ақтық сын Францияның Марсель қаласында өтеді деп жоспарланған.

Мықты деген спортшылар әр кезеңге алдын-ала бөлінеді. Жарыс қожайындары ғана ең көп қатысушыны жарысқа қоса алады.

Жарыс кестесі:

Жұма, 4 қараша

23;25 Әйелдер — қысқа бағдарлама

Сенбі, 5 қараша

22:50 Әйелдер — еркін бағдарлама

Жексенбі, 6 қараша
17:00 Марапаттау рәсімі
18:00 – 20:00 Гала-концерт

Мәнерлеп сырғанау спортынан Гран-при кезеңдерін «Kazsport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

 

Сондай-ақ

АНУАР САРИЕВ «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

  Ануар Сариев «Қазақстан патриоты» медалімен марапатталды. Атыраулық дарынды жас балуан Әнуар Сариевтің татамиде таныла …