Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкент қаласында қазақ даласының батыры, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен халықаралық жарыс мәресіне жетті. Аталмыш турнирге Өзбекстан, Қытай, Монғолия және еліміздің барлық облыстарынан 232 –ге жуық балуан қатысты.
Әлемнің 4 мемлекетінен келген, қазақ күресінен «Азия чемпионы» деген атағы бар палуандар ұлттық спортымыздың мерейін асқақ ету үшін бар күшін салды. Өзбекстан, Қытай, Моңғолия сынды елдерде қазақша күрестің жақсы қарқынмен дамып келе жатқанына көпшілік осы турнир барысында көз жеткізді.
Жалпы, осымен 52-ші мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге еліміз бен шетел мемлекеттерінен ұзын-ырғасы 12 команда қатысты.
Қажымұхан атындағы халықаралық жүлденің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
55 кг. Кеулімжай Абылайхан. Жамбыл облысы.
60 кг. Қуанбай Еламан. Қарағанды облысы.
66 кг. Төленбай Қасымхан. Алматы қаласы.
74 кг. Айдос Ғалымов. Қарағанды облысы.
82 кг. Ерсұлтан Мұзаппаров. ОҚО
90 кг Әділжан Ыстыбаев. ОҚО
100 кг. Асыл Барменов. Қарағанды облысы
+100 кг. Мухсин Хисамиддинов. Өзбекстан
Түйе балуанды анықтау үшін 30-астам балуан белдесуге шықты. Олардың қатарында Маңғол Алтынгерен,Өзбек балуаны Мухсин Хисамиддинов, «Қазақстан Барысы» жүлдесінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов,Айбек Нұғымаров, жүлдегерлері Руслан Әбдіразақов, Ержан Шынкеев, Асыл Барменов,және «Қазақстан Барысына» қатысқан 10- тарта балуан болды. Қорытындысында:
Түйе балуан иегерлері.
1-орын. Айбек Нұғымаров. ШҚО
2-орын. Ержан Шынкеев. Қарағанды облысы.
3-орын. Еламан Ерғалиев Қызылорда облысы.
Бейресми командалық есепте 1-орынды Қарағанды облысы иеленді.ОҚО мен ШҚО жүлделі орындарды бөлісті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықты жарысты ұйымдастырушы, облыстық қазақ күресі қауымдастығының төрағасы Полат Қырықбаев мен Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков тапсырды. «Қажымұхан» қоғамдық қоры мен «Қазақ Хан батырлары» қоғамдық қоры өздерінің медальдарын тапсырды. «Қажымұхан» медалімен осы турнирдің бірнеше мәрте абсалютті жеңімпазы Қуат Байқожаев пен «Қазақстан Барысы» жүлдесін үш рет қатарынан жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаев та марапатталды.