Басты бет / Басқа түрлер / БҮГІН ҚАЗАҚ ЖҮЗУ СПОРТЫНДАҒЫ АЛТЫН ҚЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

БҮГІН ҚАЗАҚ ЖҮЗУ СПОРТЫНДАҒЫ АЛТЫН ҚЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

 

Бүгін, қарашаның 22-сі Паралимпиада ойындарының чемпионы, әлем және Олимпиада ойындарының рекордшысы Зульфия Ғабидуллинаның туған күні.

Өзінің денсаулығына, жаратылысына қарамастан, тағдырдың қатал сынын басынан кешіріп, оның ауыр жолдарына төзе білген Зульфия атты қазақ қызыны, асыл ананың туған күні. Қазақ елінің абыройын арттырып, Олимп төрінде әнұранымызды шырқатқан спортшымыздың тарихта мәңгі аты қалары сөзсіз. Бүгін оның өмірге келген, туған күні!

Зульфия Ғабидуллина спортқа бейімделу мақсатында осыдан 26 жыл бұрын келген. Жүзумен кәсіби түрде 2007 жылдан бастап шұғылдана бастаған. Ол осы уақытқа дейін түрі халықаралық жарыстарға қатысып, 7 рет әлем рекордын жаңартқан.

Жеңіс және алға қойған мақсат:

«Токиоға дайындалатын боламыз, өз рекордтарымды жаңартуға тырысамын», — деді бүгін Рио-де-Жанейродан оралған спортшы тілшілерге берген сұxбатында.

Оның сөзіне қарағанда, әлем рекордын орнатып, паралимпиада алтынын жеңіп алатынын бапкерімен бірге алдын ала сезген.

«Таблодан нәтижемді көргенде, ойлаған жоспарымыз орындалғанына қатты қуандым. Ең бірінші жеңісімді бапкеріме, сосын барша қазақстандықтарға арнаймын. Жеңіс бірден келген жоқ, мен оған 25 жыл бойы дайындалдым. Кезең-кезеңмен нәтижелерімді жақсартып, бапкердің дұрыс тактикасы арқасында жеттім», — деді ол.

Айта кетейік, қазақстандық жүзуші әлем рекордын жаңартып, алтын медаль еншілеп қана қоймай, Паралимпиада ойындарының үздік спортшы әйелдерінің үштігіне енді.

«Үштікке қалай енгенімді өзім де білмеймін. Мен әрдайым көңілді жүретінімді, жарқын жүзімді көріп, ұнатқан шығар, сол себепті тізімге енген де болармын», — деді З. Ғабидуллина.

Еске салсақ, Риода өткен Паралимпиада ойындарының нәтижесі бойынша, Зулфия Ғабидуллина 100 метрге еркін әдіспен жүзуден алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 50 метрге еркін әдіспен жүзуден 4-орын және 50 метрге шалқалап жүзуден 6-орын иеленді.

 

Зульфия туралы қызы:

Жетінші рекоды арқылы жамбылдық спортшы Паралимпиада ойындарында Қазақстан тарихындағы алғашқы медальды жеңіп алды. Чемпионнының қызы Руфия 11-сыныпта оқиды. Ол қуанышты хабар туралы тек таңертең ғана білген. Анасы оған чемпион болғанын смс хат арқылы жазып жіберіпті.

«Таңертең ерте мектепке баратын болғандықтан Паралимпиада ойындарын көре аламадым. Бірақ анам смс хат жазып жіберіпті. Жеңіс туралы есітігенде төбем көкке жетті. Ол бұл мақсатына жету үшін ұзақ жылдар бойы дайындалды. Оның табандылығы мен ерік-жігеріне таң қаламын. Мен анаммен мақтанамын», — дейді З.Ғабдуллинаның қызы.

Жетіншісін осы Бразилия еліндегі Паралипиада ойындарында қойып отыр. «Оның бұл жетістігі  — таза еңбек пен жеңіске деген ұмтылыстың көрінісі»,- дейді бірге жаттығып жүрген спортшылар.

Сондай-ақ

АЛИ АХМЕДОВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ПОЛЬШАДА ӨТЕДІ

  Жартылай орта салмақтағы қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Али Ахмедовтың келесі жекпе-жегі белгілі болды. Алидың …