Басты бет / Басқа түрлер / ҚАЗІР АМЕРИКАЛЫҚТАР КӨКПАР ТАРТЫП ЖҮР

ҚАЗІР АМЕРИКАЛЫҚТАР КӨКПАР ТАРТЫП ЖҮР

Бекболат Тілеухан: Қазір америкалықтар көкпар тартып жүр. Спорт туралы жаңа заңның жобасында ұлттық спорт түрлерін қаржыландыруды да қарастыру керек. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан осылай айтты. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

«Ұлттық Олимпиада комитетіне мемлекеттік бюджеттен қаражат алу құқығы берілмек. Саралау қағидаларына негізделе отырып, олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялар арасында ақша бөлінеді ғой. Ендеше жоғары жетістіктері бар ұлттық спорт түрлерін осы саралау нәтижесі бойынша спорттың басым түрі деп айқындауға болады. Қазір америкалықтар көкпар тартып жатыр, бір жарым миллиард қытайлар біздің аударыспақты мойындады. Д үниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы құрылғанын білесіздер. Ресей, Қытай, АҚШ қазақтың ұлттық спорт түрлерін мойындап жатыр», — деген депутат ұлттық спорт түрлеріне де көңіл бөліп, қаржыландыру қажеттігін алға тартты.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  тек олимпиадалық спорт қана емес, ұлттық спорт түрлерін дамыту да ерекше назарда екенін атап өтті.

«Дұрыс айтасыз, кейбір өңірлер ұлттық спортқа көңіл бөлмейді. Саралауға кіргізсек, жергілікті атқарушы органдар ұлттық спортты дамытуға қаражат бөледі. Бұдан бөлек, министрліктің бағдарламасында ұлттық спортты дамыту бойынша бірнеше ауқымды шараларды белгілеп отырмыз. Мысалы, ЭКСПО көрмесі аясында ұлттық спорт түрлерінен үлкен халықаралық жарыстар өтеді. Ұлттық спортқа шетелдіктер қызығушылық танытып жатқаны рас. Осы бағытта жұмысты жалғастырамыз», — деді Мұхамедиұлы.

Дереккөз:  Sputniknews.kz

Сондай-ақ

АТЫМДЫ АБЫЛАЙХАН ҚОЙҒАН СОҢ…

19 жасында Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, 20 жасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Абылайхан …