Футболдан «Қайрат U-18» — Қазақстан чемпионы атанды!
Талдықорғанда футбол орталықтары мен академияларының 1999 жылы дүниеге келген жасөспірім командалары арасында Қазақстан біріншілігінің ақтық кезеңі өтті. Жарыстың финалында «Қайрат» шымкенттік «Ордабасымен» кездесіп, пенальтия сериясында жеңіске жетті — 5:3. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.
Осылайша, «Қайрат U-18» ел чемпионы атанып, еуропалық турнирде Қазақстанның намысын қорғайды. Келесі маусымда алматылықтар тағы да Жастар УЕФА Лигасында бақ сынайды. Қазақстан біріншілігінің қола жүлдесі «Ертіс U-18» командасына бұйырды.
Айта кетер жайт, «Қайрат U-18» сабында Еламан Ниязбеков чемпионаттың үздік шабуылшысы атанса, Әліп Нұрәлі жылдың үздік футболшысы атанды.