Баку ойындарында өзінің адамгершілік әрекетімен көптің есінде қалған Беларусь елінің самбошысына «Fair Play» сыйлығы берілді.
Степан Попов кездесу барысында жарақат алған қарсыласы және әріптесіне көмек көрсетіп, иығына салып арқалап аренада алып кетті. Әріптесіне жаны ашыған ол алғашқы жәрдем көрсетілгенше өзі бірінші болып әрекет жасады. Оның осындай адамдық қасиеті көпке үлгі екені анық.
«Fair Play» — бұл еңбегі сіңген, құремтті де қадірлі адамдарға берілетін сый. Оны арнайы құрылған комиссия анықтайды. Биылғы рәсім Будапешт қаласындағф ғылым Академиясының ғимаратында өтті. Оған Венгрия президенті Пао Шмитт секілді құрметті адамдар қатысты.
Айта кету керек, Степан Попов «Fair Play» сыйлығын иеленген алғашқы самбошы болып табылад