Басты бет / Басқа түрлер / ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ

ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЕКІНШІ ОРЫН АЛДЫ

 

1-10 қазан аралығында Болгарияның Благоевград қаласында қол күресінен (армспорт) әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы додада Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орын алды, деп хабарлайды dodasport.kz

Қазақстандық қол күресі спортының шеберлері жоғары дайындық деңгейін көрсетті. 25 спортшымыз жүлде тұғырынан көрініп, оң қол және сол қол жаттығулары бойынша бірнеше жүлде еншіледі. 38-ші рет өткізілген әлемдік додада 75 елден 1600-ден астам спортшы бақ сынады.

Әлем біріншілігінің нәтижелері:

Қыздар: Советханова Ақмарал — күміс және қола 45 келі. Гунко Евгения — екі алтын медаль 50 келі. Екатерина Лякова —  қос күміс 60 келі. Каст Анастассия —  қола 60 келі. Писменная Оксана — алтын 70 келі. Қараманова Әйгерім — екі алтын 50 келі. Шадырқұл Эльвира — алтын 70 келі. Малиқайдар Ләззәт — қола 55 келі. Қаупенова Кенжеқыз -алтын және қола 60,65 келі. Жұмағамбетова Әсел — күміс +70 келі.

Ұлдар: Рейсов Ислам — алтын және күміс 55 келі. Басаров Ораз — алтын және күміс 55 келі. Мұратов Әлижан — алтын 70 келі. Нұрмахан Ердәулет — алтын 50 келі. Хамраев Рашид — күміс 55 келі. Айдархан Нұрдәулет — алтын 60 келі. Ақтаев Талғат — алтын 65 келі. Шәмиев Қайрхан — күміс 70 келі.

Әйелдер: Қараманова Әйгерім — қола 50 келі. Ольга Шлижевская — алтын 65 келі. Писменная Оксана — күміс 70 келі. Иссиянская Антонина — алтын +80 келі.

Ерлер: Әлімжанов Еркін — алтын және күміс 75 келі. Рейсов Ислам — алтын 55 келі. Фаражов Вали -алтын және күміс 60 келі. Шәмиев Мағжан — қос күміс 75 келі. Дзеранов Григорий алтын және күміс 100 келі.  Айдархан Нұрдәулет — алтын 60 келі. Ермольчик Сергей — қола 70 келі. Райханов Шынболат — алтын 75 келі.

Айта кету керек, жастарымыз ересектер арасында да бақтарын сынап көрді. Олардың көбі дерлік жақсы нәтиже көрсетіп, ересектер арасында да мықты екендерін дәлелдеді. 

Сондай-ақ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді 2017 жылы …