ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «МИЛАН» — «ОЛИМПИАКОС» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 2-ші кезеңі аясында «Милан» өз алаңында «Олимпиакосқа» қарсы ойын өткізеді.

Кездесу бүгін Милан қаласындағы «Сан Сиро» стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 22:50-де басталады. Ал «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Ойынға шотландиялық маман Бобби Мэдден өз тобымен төрелік ететін болады.

Естеріңізге салсақ, F тобында «Милан» мен «Олимпиакос» клубтарының ойынынан бөлек, «Бетис» пен «Дюделанж» кездесу өткізеді.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан