ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ХОРВАТИЯ МЕН АНГЛИЯ ТЕҢ ОЙНАДЫ

УЕФА Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында 2018-шы жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хорватия құрамасы өз алаңында Англия құрамасына қарсы ойын өткізді.

Риека қаласындағы «Риека» стадионында өткен ойын жанкүйерлерсіз өтті. Себебі, бұл бірнеше жыл бұрын Хорватия құрамасы жанкүйерлерінің тәртіп бұзуына байланысты алған жазалары болды.

Кездесуде қос команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болғанымен, ешқайсысы гол соға алмай ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Ұлттар лигасының үшінші кезеңінің нәтижесі бойынша, А лигасының 4-ші тобында Испания құрамасы алты ұпаймен бірінші, Англия құрамасы мен Хорватия құрамасы бір-бір ұпаймен екінші және үшінші орындарда тұр.

Айта кетсек, Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Англия құрамасы қарсыласы Испания құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді. Ал екінші кезеңде Испания құрамасы өз алаңында Хорватия құрамасын 6:0 есебімен тас-талқан еткен болатын.

Хорватия 0:0 Англия

Хорватия: Ливакович – Йедвай, Ловрен, Вида, Пиварич – Ракитич, Ковачич (Бадель, 73) – Крамарич, Модрич, Перишич (Пьяца, 69) – Ребич (Ливайя, 80).

Англия: Пикфорд – Уокер, Стоунз, Магуайр – Стерлинг, Хендерсон, Дайер, Баркли, Чилвелл – Рашфорд, Кейн.

Сурет: Getty Images сайтынан

Бөлісу: