Танымал дзюдошы Тедди Ринер Рио2016 Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Франция туын ұстап шығатын болды.
Гваделупада туылып, Франция елінде ер жеткен спортшы 5 жасынан бастап дзюдомен айналысады. 27 жасар спортшының еншісінде: Пекин Олимпиадасының (2008) қоласы, Лондон Олимпиадасының (2012) алтыны бар. Ринер осы уақытқа дейін 9 рет әлем чемипонатында жеңіске жеткен және бір рет күміс медльға ие болған. Одан бөлек, Еуропа чемпионатында 5 рет жеңіске жеткен.
Естеріңізге сала кетейік, Тедди Ринер Рио Олимпиадасында 100 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде сынға түседі.