Басты бет / Қысқы спорт / АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИННІҢ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ. (ФОТО,ВИДЕО)

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИННІҢ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ. (ФОТО,ВИДЕО)

Алексей Юрьевич Полторанин 1987  жылы 29-шы сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстандағы, қала берді бүкіл әлемдегі танымал шаңғышы. Әлем чемпионатының жүлдегері. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері.

 

Қазақстандық шаңғышылар десек ең бірінші ретте еске Алексей Полторанин түседі. Қазіргі кезде сайысқа түсіп жүрген шаңғышылар арасында отандасымызды классикалық әдістің «корольі» деген есіммен атайды. Себебі, классикалық әдіспен жүруде әлемнің ең атақты шаңғышыларының өзі жарыс бойы Алексейдің әр қадамын бақылаумен өтеді.

Әр спортшының спорттық мансабымен танысарда бірінші кезекте Олимпиада ойындарындағы нәтижелеріне мән беріледі. Атақты отандасы Владимир Смирнов секілді Олимпиада ойындарының чемпионы атану Алексейдің алдына қойған ең басты мақсаты. 2018 жылы Оңтүстік Корея елінде өтетін Олимпиада ойындарына Полторанин осы межені бағындыруға тырысатыны сөзсіз.

Олимпиада ойындары

29 жасар Алексей Полторанин осы уақытқа дейін үш бірдей ақ ойындарға қатысып үлгерді. 2006 жылы Туринде өткен ойындарда 15 км-лік классикалық әдіспен жүру сыңында 39-шы орыннан көрінді. Ванкувер Олимпиадасында үш қашықтықта бақ сынады. 15 км-лік классикалық әдіспен жүру сыңында 14-ші орыннан көреінді. Ал жекелей және спринттік бәсекелерде бесінші орынды иеленді. Сочи Олимпиадасында 15 км-лік классикалық әдіспен жүруде 9-шы орын алды. Скиатлонда 16-шы келді.

 

Әлем чемпионаттары

 

  • 2007 жылғы Жапионияның Саппоро қаласында өткен әлем біріншілігінде спринттік сайыста 17-ші келді. Із кесу сыңында 32 орыннан көрінді. Эстафеталық құрамда 7-ші орын алды.
  • 2009 жылғы Чехияның Либерец қаласындағы әлем біріншілігінде Алексей бес қашықтықта бақ сынады. Өзінің оң жаңбасына келетін 15 км-лік қашықтықта 16-шы нәтиже көрсетті. 30 км-лік скиатлонда 49-шы, спринтте 45-ші, Николай Чеботькомен жұптық спринтте 7-ші және эстафетада 10-шы орыннан көрінді.
  • 2011 жылы Норвегияның Осло қаласында 15 км-лік классикалық әдісте 31-ші.  Николай Чеботькомен жұптық спринтте 6-шы және эстафетада 13-ші орыннан көрінді.
  • 2013 жылы Италияның Валь-ди-Фьемме қаласы Полторанин үшін табысқа толы болды. Николай Чеботькомен жұптық спринтте көптен күткен қола медаль қоржынға түсті. Чемпионаттың келесі күнінде 50 км-лік классикалық марафонда Алексей тағы бір қола медаль еншіледі.

Әлем чемпионаттары:

2013 — Flag of Italy.svgВаль-ди-Фьемме Bronze medal icon.svg 3-ші, 50 км-лік классикалық әдістегі масс-старт

2013 — Flag of Italy.svgВаль-ди-Фьемме Bronze medal icon.svg 3-ші, еркін әдістегі командалық спринт (Чеботькомен бірге)

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары
2004 — Флаг Норвегии Стрюн Gold medal icon.svg 1-ші, эстафета 4×10 км (Кошев / Черепанов / Сафоновтармен бірге)
2007 — Flag of Italy.svg Тарвизио Silver medal icon.svg 2-ші, 10 км еркін әдіс
Жастар арасындағы әлем чемпионаттары
2008 — Flag of Italy.svg Маллес-Веноста Silver medal icon.svg 2-ші, 15 км классикалық әдіс
2009 — Флаг Франции Пра-де-Лис Silver medal icon.svg 2-ші, 15 км еркін әдіс

 

Қысқы Азия ойындары

Алексей 2007 жылғы Қытайдың Чанчунь қаласында өткен Азия ойындарында спринттік сайыста күміс жүлде еншіледі.

2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өткен ойындарда Алексей Полторанин «ең үздік» спортшы атанды. Ол бір өзі 4 алтын және 1 қола медаль еншіледі.

2007 — Флаг Китайской Народной Республики Чанчунь Silver medal icon.svg 2-ші, спринт еркін әдіс
2011 — Флаг Казахстана Алматы Gold medal icon.svg 1-ші, спринт классикалық әдіс
2011 — Флаг Казахстана Алматы Gold medal icon.svg 1-ші, командалық спринт, еркін әдіс ( Чеботькомен бірге)
2011 — Флаг Казахстана Алматы Bronze medal icon.svg 3-ші, 10 км классикалық жекелей сын
2011 — Флаг Казахстана Алматы Gold medal icon.svg 1-ші, 30 км масс старт. классикалық әдіс
2011 — Флаг Казахстана Алматы Gold medal icon.svg 1-ші, эстафета 4×10 км ( Черепанов / Чеботько / Величколармен бірге)

 

Әлем кубогы

Алексей өзінің әлем кубоктарындағы алғашқы жеңісіне 2010 жылы қол жеткізді. Ол Швейцарияның Давос қаласында өткен екінші кезеңдегі 15 км-лік классикалық сайыс болатын. Осыған дейін спринттік қашықтықтарда мықты саналып келген Полтораниннің бұл жеңісін мамандар сенсацияға балады.

2011-2012 жылғы маусымда тағы бір жеңіс Финляндияның Куусамо қаласында 15 км-лік із кесу сайысында орын алды. Оған қоса Словенияның Рогл қаласында 15 км-лік классикалық сайыста қола жүлде еншіледі.

Осылайша әлемдік аренаға нағыз шебер деңгейінде мықтап орныққан Алексей бірнеше жарыстарда жеңіске жетті:

2010 — Flag of Finland.svg Куусамо Silver medal icon.svg  спринт классикалық әдіс
2010 — Флаг Швейцарии Давос Gold medal icon.svg  15 км классикалық әдіс
2011 — Flag of Finland.svg Куусамо Gold medal icon.svg  15 км классикалық әдіс
2011 — Флаг Словении Рогла Bronze medal icon.svg 15 км классикалық әдіс
2012 — Флаг Швеции Елливаре Silver medal icon.svg  15 км еркін әдіс
2013 — Флаг Франции Ла-Клюз Gold medal icon.svg  15 км классикалық әдіс
2013 — Флаг Швейцарии Давос Gold medal icon.svg спринт классикалық әдіс
2013 — Flag of Finland.svg Лахти Silver medal icon.svg  15 км классикалық әдіс
2013 — Флаг Норвегии Драммен Silver medal icon.svg  спринт классикалық әдіс

2013 — Флаг Норвегии Лиллехамер Silver medal icon.svg 15 км классикалық әдіс

 

 

Тур де Ски кезеңдері
2013 — Flag of Italy.svg Доббьяко Gold medal icon.svg 5 км  классикалық әдіс, жекелей сын
2013 — Flag of Italy.svg Валь-ди-Фьемме Gold medal icon.svg 15 км классикалық әдіс
2014 — Флаг Швейцарии Ленцерхайде Gold medal icon.svg 15 км классикалық әдіс

2015 — Flag of Italy.svg Доббиако Gold medal icon.svg  10 км  классикалық әдіс, жекелей сын
2016 — Flag of Germany.svg Оберстдорф Gold medal icon.svg 15 км масс старт классикалық әдіс

2016 — Flag of Italy.svg Валь-ди-Фьемме  Bronze medal icon.svg 15 км масс старт

 

Алексей Полторанин 2016-2017 жылғы маусымға тыңғылықты дайындық үстінде.

 

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН КЕЙІН РЕЙТИНГІ ЖОҒАРЫЛАДЫ

Қазақстан кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бүгінгі жеңісінен кейін Boxrec.com  рейтингісінде 10 сатыға жоғарылады. Ол Бразилиялық …