Басты бет / Қысқы спорт / АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИННІҢ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИННІҢ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ

 

Қазақстандық шаңғы спортының шебері Алексей Полторанин Рамзу қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізді.

Полторанинннің жаңа маусымға дайындығы екі кезеңнен тұрды. Ол алғашында Италияның Ливионьо қаласында жазғы дайындық кестесі бойынша жаттықты. Яғни, қарсыз жерлерде шаңғының орнына роликтер пайдаланылды.

Кейін екінші кезеңде Австрияның Рамзау қаласындағы тау бөктерінде қар үстінде тыңғылықты дайындалды.

2-20 қыркүйек аралығында өткен жаттығу жиындары спортшы үшін оңайға түспепті.

— Биылғы маусымда жоғары нәтиже көрсетуге тырысамын. Былтыр жіберілген қателіктер қайталанбауы тиіс. Өзімді жаңа маусымға дайынмын деп есептеймін. Әлем біріншілігінде топ жарып, айтулы көпкүндіктердің бірінде жеңіске жету ойымда бар, — деді Алексей Полторанин Dodasport.kz тілшісіне берген сұқпатында.

Қазан айында спортшы Эстонияның Отепия қаласында кішігірім оқу-жаттығу жиындарын өткізбек. Кейін қайтадан Рамзау мен  Валь Сеналес қалаларына оралып, таудағы жаттығу жұмыстарын тиянақтай түспекші.

Маусымдағы алғашқы жарысына Алексей 26-27 қараша күндері қатысуды жоспарлаған. Финляндияның Рука қаласында әлем кубогы кезеңінің алғашқы жарыстары өтеді.

Айта кетейік, Алексей Полоторанин Қазақстан құрамасынан бөлек жаттығу жұмыстарын өткізеді.

Сондай-ақ

АПЛ-ДЕ СӨНГЕН ЖҰЛДЫЗДАР…

«АПЛ» — «Барселона» және «Реал Мадрид» Ла Лигада ойнаса да, футбол жанкүйерлері ең қызық және …