Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасында екінші турдың ойындары өтіп, бірнеше ойын тағы да көпшілік күтпеген нәтижелермен аяқталды.
Тобыл 0-0 Ақтөбе
Бұл ойынды көпшілік жанкүйерлер «Тобылдың» жеңетініне сеңген болатын. Батыстың оғландары тағы да сүйсінерліктей ойын көрсете алмады. Жаңадан жасақталған команда, әлі бір-бірін түсінісіп кете алмай жүргендей көрінеді. Ал «Тобыл» ойынды өз қолында ұстағанымен, гол соға алмады. Бірінші турда көсіле шапқан Алексей Щеткинде біраз талпынды, бірақ нәтиже бермеді.
«Тобыл» – «Ақтөбе» – 0:0
Ескерту: Мухутдинов, 73. Шимкович, 87. Сартаков, 90 – Шурыгин, 24. Аслан, 31. Шестаков 80
«Тобыл»: Непогодов, Сартаков, Кассай, Дмитренко, Мирошниченко, Тағыберген, Мухутдинов, Савич (Джалилов, 60), Шимкович (к), Деспотович, Щеткин (Жаңғылышбай, 79). Қосалқы құрам: Бусурманов, Жулпа, Шубаев, Жақыпов, Жарынбетов, Малый, Молдақараев.
«Ақтөбе»: Отарбаев (к), Дәуітов, Айтбаев, Гуйе, Аслан, Диас Морейро, Боргес Барбоса, Соуза Альмейда (Воловик 62), Шестаков (Ермаченко, 87), Шурыгин (Байтана, 67), Зенькович. Қосалқы құрам: Тамабай, Әбдукәрімов, Розыбакиев, Кәкімов, Жұмағали, Скворцов
Төрешілер: Тевяшов (Орал), Васютин (Алматы), Лабашов (Атырау)
12 наурыз. Затобольск ауылы. «Затоболец» стадионы. 4 000 көрермен
Ертіс 1-1 Астана
Шымкентте ойсырай ұтылған чемпиондардың алаңға тістеніп шыққаны айтпаса да түсінікті. Ойынның 14-ші минутында Серікжан Мужиков есеп ашып, жанкүйерлердің көңіл-күйін көтерді. Арада көп уақыт өтпей керекулік жігіттер есепті теңестірді. Әйтсе де, екі команда да тең есепке риза шығар. Астанаға Каньяс пен Максимовичтің жетпей тұрғаны байқалады. Ертіс ке шабуыл, ал Астана ға қорғаныс шебін күшейту керек секілді.
«Ертіс» – «Астана» – 1:1 (1:1)
Голдар: Мұжықов, 14 (0:1). Ткачку, 30 (1:1)
Ескерту: Дарабаев, 40 – Постников, 84.
«Ертіс»: Лория (к), Кислицын, Воротников, Ткачук, Двали, Живкович, Гетериев, Дарабаев, Фонсека (Нганбе 90+1), Родриго, Фофана (Джедже, 70), Қосалқы құрам: Калмыков, Жұмасқалиев, Чернышов, Калинин, Есімов, Шабалин, Алиев
«Астана»: Мокин, Шитов, Аничич, Логвиненко, Постников, Шомко (к), Маевский, Мұжықов, Твумаси (Жалмұқан, 76), Ллуллаку (Мұртазаев, 83), Кабананга. Қосалқы құрам: Эрич, Жақыпбаев, Наджарян, Прокопенко, Жүнісов
Төрешілер: Измайлов (Талдықорған), Тергеусізов (Алматы), Субботин (Талдықорған)
12 наурыз. Павлодар. «Орталық» стадионы. 3 500 көрермен
Қайсар 2-1 Тараз
Премьер Лигаға жақында оралған қос клубтың арасындағы ойын өте тартысты өтті. Қасқырлардың жеңіске деген жігерліктері басым болды. Бірінші голды өздері жібергендерімен, артынша тез ес жиып, екі доппен жауаптарын қайтарды. Осылайша Младенов шәкірттері жеке дара көшті бастады. Қазақстанның «Лестері» бола алады ма? Қалай ойлайсыздар?
«Қайсар» – «Тараз» 2:1 (1:1)
Голдар: Мухаметшин 15 (0:1), Аржанов 34 (1:1), Нтибазонкиза 71 (2:1)
Ескерту: Горбанец 31
Алаңнан қуылды: Горбанец 80
«Қайсар»: Исламкулов, Аржанов, Граф, Камара (Нтибазонкиза 60), Курьор (Мулдаров 90), Ламандж, Николич, Амирсеитов, Байжанов (к) (Сахалбаев 85), Евстигнеев, Нарзилдаев
«Тараз»: Бабаханов, Диара, Фещук, Мухаметшин (Морис 61), Шипицин, Горбанец, Кургулин (к), Амирханов, Молтусинов, Таубай (Азовский 53), Қожамберды
Төрешілер: Московченко (Павлодар), Шарипов, Калачев (екеуі де – Атырау)
12 наурыз. Қызылорда. «Локомотив» стадионы. 3 500 көрермен
Ордабасы 1-1 Атырау
Алғашқы турда чемпиондарды ойсырата ұтқан, шымкенттік жігіттер «Атыраудан» ұтылып қала жаздады. Өткен турда сүрінген «Атыраудың» бүгінгі ойыны көңіл қуантады. Ойыннын 83-ші минутында Обшивац есепті ашып, «Атырауды» алға шығарғанымен, жеңіс алып келе алмады. Ойынның ең соңғы минутында айып добын тамаша орындағын Мардан Төлебек шымкенттік жанкүйерлерді бір қуантты. Тоғыз ұпайынан айырылып, жүйкелері жұқарған «Атырау» үшін бұл ұпайдың ауадай қажет екені түсінікті.
«Ордабасы» – «Атырау» 1:1 (0:0)
Голдар: Обшивац 83 (0:1), Толебек 90+4 (1:1)
Ескерту: Қожабаев 50, Ковальчук 80, Төлебек 83
«Ордабасы» : Бекбаев, Диакате, Ковальчук, Бочаров (Булешев 71), Фонтанелло, Нқсербаев, Нұрғалиев (к), Ерланов, Төлебек, Тұңғышбаев (Гейнрих 80), Қожабаев (Жұмаханов 90+3)
«Атырау» : Пасеченко, Джокич, Двалишвили, Лобжанидзе, Саломов (Эсатов 87), Томич (Абдрахманов 41), Обшивац, Кайраллиев, Коробов, Маров, Хайруллин (к) (Сапаров 61)
Төрешілер: Карлибаев (Орал), Попов, Кусаинов (екеуі де– Астана)
12 наурыз. Шымкент. «Қажымұқан Мұңайтпасов» стадионы. 8 500 көрермен
Ақжайық 3-1 Шахтер Қарағанды
Өткен турда Павлодарда сүрінген «Ақжайық» бар ашуын кеншілерден алды. Оралдық жігіттер ойынның 10-шы минутында-ақ бүкіл матчтың тағдырын шешіп тастады. Рубио мен Азука соққан голдарға кеншілер сапынан Дәурен Тәжімбетов жауап берді. Кеншілерге тез арада ойын өрнегін өзгертпесе, ұпай таратушы клубқа айналып кетуі мүмкін.
«Ақжайық» – Шахтер» 3:1 (2:0)
Голдар: Рубио 2 (1:0), Изу с пенальти 8 (2:0), Тәжімбетов 69 (2:1), Изу 72 (3:1)
Ескерту: Сапанов 21, Төлебаев 87 – Шацкий 7, Сзоке 44
«Аөжайыө» : Толебаев, Говедарица, Николич, Одибе, Изу (Ерсалимов 76), Рибио (Омаров 85), Валиуллин (Чулагов 90), Шмидт, Сапанов (к), Сергиенко, Заречный
«Шахтер» : Шацкий, Сзоке, Кадио, Айегбуси (Таттыбаев 73), Станоевич, Аллегриа (Стоянович 65), Пикалкин (Габышев 57), Мангуткин, Скорых, Тажимбетов, Тарасов (к)
Төрешілер: Сахи (Қызылорда), Тихонюк (Ақтөбе), Жаксылык (Қызылорда)
12 наурыз. Орал. «Ақжайық» стадионы . 2 500 көрермен
Қайрат 2-2 Оқжетпес
Алматылық жігіттердің маусымға дайындықтары нашар болды ма, әлде шаршап жүр ме, белгісіз… Әйтеуір, қарқындары өте төмен. Голды жаңбырша борататын «Қайратты» көре алмаудамыз. Бүгін бұл жігіттер өз алаңдарында «Оқжетпесті» қабылдады. Алғашқы таймда қос клуб Козлов пен Марковичтің голдарының арқасында тең тарқасты. Екінші таймда қызыл қағазға ие болған Елдос Ахметов алаңнан қуылды. Алаң иелері барлық күшті шабуылға жұмсап, ақыры дегендеріне жетті. Ойынның 83-ші минутында Андрей Аршавин гол соғып, командасын алға шығарды. Бірақ, ойынның соңғы минутында төреші белгілеген пенальтиді Виталий Волков сәтті орындап, Алматылықтардың өзегін өртеді.
«Қайрат» – «Оқжетпес» 2:2 (1:1)
Голдар: Козлов 19 (0:1), Маркович 34 (1:1), Аршавин 83 (2:1), Волков (пенальти) 90+4 (2:2)
Ескерту: Ахметов 45, Исламхан 56, Маркович 90+1, Суюмбаев 90+4 – Чертов 35, Козлов 58, Волков 81
Алаңнан қуылды: Ахметов 53
«Кайрат»: Плотников, Маркович, Исаэль (Иличевич 84), Гоу, Ампоста, Ахметов, Суюмбаев, Куат, Жуков (Аршавин 46), Исламхан (к) (Елек 60), Бакаев
«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Чертов, Еоне, Козлов (Генков 79), Политыло, Хорват, Федин, Даиров, Досмагамбетов (Юрин 74), Марочкин, Волков
Төрешілер: Гаузер, Виноградов, Бейжанов (Петропавл)
12 наурыз. Алматы. «Орталық» стадион. 6 500 көрермен