Төрт жылдықтың басты додасы келіп жетті. Жаңа тарихтар мен осыған дейін көмескіленіп келген есімдердің күллі әлемге жарқ ете қалатын сәті. Әдеттегідей спортшыларымыздың жолына үлкен үмітпен қараймыз. Рио-де Жанейроға кеткен балуандарымызға биыл артылған сенім мен үміт мол. Екінші Олимпиадаларына кеткен Нұрмахан Тінәлиев пен Алмат Кебісбаев, Дәулет Шабанбай, Гүзел Манюрова сынды балуандарымызға түскен салмақ ауыр. Күрес түрлерінен осыған дейін Олимпиада жүлдесіне іліккендер мен бағы жетпей жүлдеге таяп қалған балуандарымыз жайындағы ақпараттық суретті назарларыңызға ұсынамыз.
Әзірлеген: Серік ҚАНТАЕВ
Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері — Нұрбақыт Теңізбаев
Жалпы осы уақытқа дейін Олимпиадаға 65 балуан қатысқан | |
Атланта – 1996 жыл | 11 балуан (5 грек-рим, 6 еркін күрес). |
Сидней – 2000 жыл | 11 балуан (5 грек-рим, 6 еркін күрес). |
Афины – 2004 жыл | 12 балуан (6 грек-рим, 6 еркін күрес). |
Бейжің – 2008 жыл | 16 балуан (6 грек-рим, 6 еркін күрес, 4 қыздар күресі). |
Лондон – 2012 жыл | 15 балуан (5 грек-рим, 7 еркін күрес, 3 қыздар күресі). |
Бразилияға Қазақстан намысын қорғау үшін 12 балуан аттанды (3 грек-рим, 5 еркін күрес, 4 қыздар күресі).
Олимпиада ойындарындағы жасы үлкен мен жасы кіші балуандар | |
Атланта – 1996 жыл | Магомед Куруглиев — 22 жас, 197 күн. Игорь Климов – 34 жас, 62 күн. |
Сидней – 2000 жыл | Әбіл Ибрагимов – 19 жас, 111 күн. Мәулен Мамыров – 29 жас, 289 күн. |
Афины – 2004 жыл | Бауыржан Оразғалиев – 19 жас, 181 күн. Ислам Байрамуков – 33 жас, 78 күн. |
Бейжің – 2008 жыл | Елена Шалыгина – 21 жас, 246 күн. Геннадий Лалиев – 29 жас, 145 күн. |
Лондон – 2012 жыл | Дәурен Жұмағазиев – 23 жас, 21 күн. Гүзел Манюрова – 34 жас, 198 күн. |
Рио кілеміне шығатын балуандарымыздың ішіндегі ең жасы – Екатериа Ларионова (22 жаста). Манюрова өз рекордын жаңартып 38 жасында жүлдеге қол созып көрмек. Ал ерлер арасында: Мамед Ибрагимов 24 жаста болса, Дәулет Шабанбай 33 жасында Олимп шыңын бетке алған.
Бұл Рио Олимпиадасының алдындағы сіздерге ұсынған ақпараттарымыз. Биыл бұл көрсеткіштердің оң бағытқа өзгеретініне сеніміміз мол.