Италия елінде велоспорттан дәстүрлі «GIRO CICLISTICO DELLA LUNIGIANA» туры өтуде.
Жастар арасындағы велобәсекеге Қазақстандық шабандоздар да қатысуда. Үш күнге созылатын турдың екінші күнінде отандасымыз Вадим Пронский жеңіске жетті.
Фосдиново мен Прато аралығын жалғайтын 116,900 километрлік қашытықты Вадим бірінші болып бағындырды. Екінші болып мәре сызығын қиған Венециялық шабандоз Самуэль Ваттистелла спринттік мәреде отандасымызға сәл ғана есе жіберіп алды. Үшінші орында Словениялық велошабандоз.
Ертең Ортовоно қаласында өтетін шешуші кезең 113 км-ге созылады.
Айта кетейік, бұл жастар арасындағы вело көпкүндікте Қазақстандық шабандоздар бірнеше рет топ жарған. Мақсат Аязбаев 2010 жылы осы турдың жалпы есебінде жеңіске жеткен болатын.