Ерлер арасындағы велоспорттан топтық жарыс мәресіне жетті. Copacabana жағажайынан басталған жарыс 237,5 километрді құрады. Биылғы Олимпиадаға әлемнің 64 елінен 142 шабандоз қатысты. Рио Олимпиадасындағы бұл жол орта таулық Гранд турлар немесе шатқалды классикалық бір күндіктер сияқты форматта өтті.
Осыдан төрт жыл бұрын Лондон Олимпиадасында күтпеген жерден Александр Вионкуровтың жеңіске жеткені барлығын таң қалдырған болатын. Биыл да спортшыларымыздан сондай нәтижес күттік. Қазақстан атынан Рио Олимпиадасында Андрей Зейц пен Бақтияр Қожатаев қатысқан болатын.
Андрей Зейц көшбасшы Грег ван Аверматтан небәрі 0,25 секунд қалып, мәреге 8-ші болып келді. Андрей үшін 142 спортшының арасынан ондыққа кіру үлкен нәтиже саналады.
Жарыс нәтижесі:
- Belgium — Greg Van Avermaet 6:10:05
- Denmark — Jakob Fuglsang 6:10:05
- Poland — Rafal Majka 6:10:10
- France — Julian Alaphilippe 6:10:27
- Spain — Joaquim Rodriguez 6:10:27
- Italy — Fabio Aru 6:10:27
- South Africa — Louis Meintjes 6:10:27
- Kazakhstan — Andrey Zeits 6:10:30