Универсиада ойындарындағы биатлон жарыстарының соңғысы масс-стартпен аяқталды.
Қыздар арасындағы сайыста отандасымыз Галина Вишневская чемпион атанды. 20 нысананың тек біреуінде ғана қателік жіберген ол, жүгіру жылдамдығы бойынша барлығынан басым түсті.
Галина мәре сызығына үлкен басымдылықпен жетті. Соңғы кезде Қазақстанның көк туын төбесіне көтеріп, мәре сызығын абыроймен кесті.
Екінші орында Украиналық Яна Бондар, үшінші орында Ресейлік Лариса Куклина. Қазақстандық Елизавета Бельчинка төртінші болып, жүлдеге сәл жетпей қалды.