Бүгін АҚШ-тың Остин қаласындғы «Austin Sports Center» спорт кешенінде өткен бокс кешінде, отандасымыз Әли Балоев чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізді.
Бірінші ауыр салмақта жастар арасында Солтүстік Америка чемпионы (WBC NABF) атағы үшін өткен жекпе-жекте, Әли Балоев қарсыласы америкалық Ричард Уркизоны (3-4-2, 1КО) жеңіп, Чемпион атанды.
Әли кәсіпқой бокста 6 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті. Енді Әли Балоев жастар арасында Солтүстік Америка чемпионы (WBC NABF) белбінің иегері.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт