NYFights.com порталының тілшісі Майкл Вудс Том Лёффлер мен Эл Хэймонның Геннадий Головкин мен Дэниэль Джейкобс арасындағы кездесуді неге ұзаққа созып жібергеніне басы жетпей жүр.
«Неге екі боксшы қалап тұрған жекпе-жек мәселесі ұзаққа созыла беретінін түсінбеймін. Бар болғаны түсетін қаржыны бөліп, кездесу өтетін жерді анықтау ғана. Барлығы бітіп тұрған мәселе,»- деп жазды Вудс твиттер желісіне.
Боксшылардың промоутерлері Том Лёффлер мен Эл Хэймон кездесу өтетін жерді анықтап, түсетін пайданы бөлуі керек. Олар соза береді. Том Лёффлер 75/25% етіп бөліп, кездесуді Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында өткізгісі келеді. Эл Хэймон болса 60/40% етіп, «Barclays Centre» аренаның қалап отыр.