Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой аренадағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады.
Жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан отандасымыз дебюттік жекпе-жегін америкалық былғары қолғап шеберіне қарсы өткізіп, 1 раундта нокаутпен жеңіске жетті. Кездесу АҚШ елінде өтті. Қарсылас жергілікті боксшы, 27 жасар Ноэ Лозано болды.
Айта кетейік, Арман Рысбек «Астана арландары» қатарында 2013 жылдан бастап, 2017 жылға дейін жұдырықтасқан. Негізі отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі қаңтар айында өту керек болған.

DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт