Рио Олимпиадасы грек-рим күресінің шеберлері үшін сәтсіз аяқталды. Жарыс жолына шыққан үш балуанымыз да жүлдесіз қалды.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін балуанымыз Нұрмахан Тінәлиев қарсыласы неміс спортшысы Эдуард Поптанға 1:0 есебімен жол берді. Балуанымыз еш мүмкіндіксіз сайысты аяқтап отыр.
Айта кетейік, кеше грек-рим күресінен екі балуанымыз Алмат Кебісбаев пен Досжан Қартықов ұтылып қалған болатын.
Осы орайда ер Қажымұханның, Жақсылық Үшкемпіровтың, Шәміл Серіков пен Дәулет Тұрлыханов секілді балуандарымыздың ізбасарлары қашан шығады?- деген ой келеді.