Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: БЕЛЬГИЯ — ШВЕЙЦАРИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: БЕЛЬГИЯ — ШВЕЙЦАРИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында Бельгия құрамасы мен Швейцария құрамасы кездеседі.

Ойын бүгін, 12-ші қазаннан 13-ші қазанға қараған түні, Брюссель қаласында өтеді. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, ал басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те.

Ойынға испандық маман Антонио Матеу Лаос өз командасымен төрелік ететін болады.

Ұлттар лигасының бірінші кезеңінде Швейцария құрамасы өз алаңында Исландия құрамасына қарсы ойын өткізіп, ірі 6:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал екінші кезеңде Исландия құрамасы Бельгия құрамасынан 0-3 есебімен жеңілген болатын.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫН 33 МЕДАЛЬМЕН АЯҚТАДЫ

Индонезия астанасы Джакарта қаласында 6-шы және 13-ші қыркүйек аралығында жазғы Азия Пара ойындары өтті. Қазақстан …