Басты бет / Қысқы спорт / ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

 

Фристайлдың могул түрінен АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында əлем кубогының екінші кезеңі өтуде.

Ерлер арасында отандасымыз Дмитрий Рейхард жеңіске жетті. Атақты «Уайтфейс» тауында өткен сайыс Қазақстандық спортшының мансабындағы әлем кубогы бойынша екінші жеңіс болып табылады. Осыдан тоғыз жыл бұрын 2008 жылы наурыз айында Швеция елінде Рейхард алғашқы жеңісіне жеткен болатын.

Фристайшылар үшін жаттығу кезіндегі ауа-райы қолайсыз болды. Бұл спорт түрінде қиын элементтерді орындау арқылы жеңіске жетуге болады. Ол үшін аса сақтық пен тәуекел керек. Отандасымыз бұл жолы тәуекелге бел буып, аса қиын элементтерді үлкен жылдамдықта орындады. Нәтижесінде 82,20 ұпаймен жеңіске жетті.

Бірінші кезең бойынша әлем кубогында көш бастап тұрған Канадалық Микаэль Кингсбери АҚШ-та алтыншы орын алып, жалпы есептегі бірінші орынды Дмитрий Рейхардқа босатты. Отандасымыз 150 ұпаймен маусым көшін бастап тұр.

«Менің алғашқы жеңісім 2008 жылы болды. Сайыс барысында жылдамдығым арта берді. Алғашқы секіру элементі жақсы, екіншісі де жоғары деңгейде орындалды. Қажырлы еңбектің арқасында осындай нәтиже көрсетіп отырмын», — дейді 28 жасар могулшіміз.

Әлем кубогының үшінші кезеңі Лейк-Плэсид қаласынан Канаданың Валь Сен-ком қаласына ауысады.

 

Сондай-ақ

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстандық могулші Юлия Галышева Қытай елінде өткен әлем кубогынде күміс жүлдегер атанды. Юлия 77,79 ұпаймен …