Басты бет / Без рубрики / ЧИЛМАНОВ ТУРНИРІ ЖОҒАРЫ САНАТТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАЛАР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

ЧИЛМАНОВ ТУРНИРІ ЖОҒАРЫ САНАТТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАЛАР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

 

Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилмановтың жүлдесіне арналған Халықаралық «Kazakhstan Open» турнирі  G1 категориясын алды.

Бүкіләлемдік Таеквондо Федерациясының ресми сайты 2017 жылы өтетін таеквондо додаларының тізім жариялады.

Тізім бойынша дәстүрге айналған Атырау қаласында өтетін турнирде енді рейтингтік ұпайлар таратылатын болады. Лас Вегас, Афина, Акапулько, Анталья, Доха, Гамбург секілді қалалар қатарына Атырау да еніп отыр. Олимпиада ойындарына максималды түрде ұпайлар жинау мақсатында мұнайлы өңірге әлемнің ең мықты таеквондошылары жиналатын болды.

Халықаралық Арман Чилмановтың жүлдесіне арналған турнир 14-16 сәуір аралығына жоспарланған. Қазақстан бойынша таеквондодан әзірге жалғыз Олимпиада жүлдегері құрметіне арналған турнир жылма-жыл дәстүрге айналған. Былтыр өткен сайыста Ресей, Украина, Моңғолия, Өзбекстан, Иран, Қырғызстан және Корея елдерінен спортшылар келген болатын.

 

Сондай-ақ

«РЕАЛ» ИСПАНИЯ КУБОГІНДЕ «ФУЭНЛАБРАДАНЫ» ЖЕҢДІ

Испания кубогі 1/16 финалының бірінші ойынында, «Реал Мадрид» «Фуэнлабраданың» қақпасына екі гол соғып жеңіске жетті. …