Жақиянов пен Уоррен көз арбасты
Бұл екі боксшылардың арасындағы кездесу ертең Толедо қаласында өтеді.
Бұл екі боксшылар арасындағы кездесу ертең, 10 ақпан күні Толедо қаласында (АҚШ, Огайо штаты) өтеді. Жекпе-жекке 29 жастағы америкалық боксшы жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін тіксе, 33 жастағы Жақиянов WBA тұжырымының белбеуін қойып отыр.
Бүгін жекпе-жекке бір күн қалғанда екі бокс көз арбасып, тілшілермен сұхбаттасты.
«Бұл менің үші аса маңызды жекпе-жек. Мен әлемнің «суперчемпионымын», бірақ маған әлі көп нәрсе істеуім керек. Мен жеңіл салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерді жинағым келеді. Бірінші кедері — чемпиндық атағымды қорғау. Жақияновты жеңгеннен кейін мен белбеулерімді басқа боксшылармен жұдырықтасып қорғауға дайынмын», — дейді баспасөз жиыны барысында Уоррен.
Айта кетейік, Уорренге қарсы кездесу Жақияновтың АҚШ жерінде өткізейін деп жатқан бірінші жекпе-жегі. Бұған дейін отандасымыз 12 елде, тарқатып айтсақ, Қазақстан, Монако, Болгария, Австралия, Беларусь, Англия, Солтүстік Ирландия, Гонконг, Швейцария, Өзбекстан, Таиланд және Ресей жерінде жұдырықтасқан еді.