Түркияның Самсун қаласында сурдо-дзюдошылар (есту қабілеті нашар) арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақтандық Айдос Түгелбаев (66 келі) қола медаль иегері атанды.
19-24 шілдеде Түркияның Самсун каласында әлем чемпионаты өтуі керек еді. Елдегі келеңсіз оқиғаларға байланысты жарыс бір күнге шегерілген. Соған байланысты 21 шілдеде сурдо-дзюдошылар (есту қабілеті нашар) арасында әлем чемпионаты кешігіп басталды. Мұндай әлемдік сындарға елімізден сурдо-дзюдошылар осы уақытқа дейін қатыспаған. Бүгін 17 жасар Айдос Қазақстан дзюдо тарихында әлем чемпионатына қатысқан алғашқы сурдо-дзюдошы болып жазылды.
Жеңімпаздар қатарынан көрінген Айдосты шын жүректен кұттықтаймыз!