«Астана» футбол клубының футболшысы Неманья Максимович испаниялық «Валенсия» сапына ауысты.
Сербиялық футболшы туралы осыған дейін көптеген сыбыстар тараған болатын. 21 жасар футболшыға Еуропаның «Манчестер Юнайтед», «Вест Хэм», «Севилья», «Рома», «Интер», «Милан», «Лион» және «Марсель» сынды командалар да қызығушылық танытқан. Максимовичтің «Астанадағы» келісім-шарты 30 маусым аяқталады. Футболшы «Валенсияға» еркін агент ретінде ауысады.
Естеріңізге сала кетейік, Максимович «Астанаға» 2015 жылы ауысып келген болатын.