Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
WSB тұжырымы бойынша «Astana Arlans» құрамында чемпион болған отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын Қытай елінде бастады. Шанхай елінде өткен жекпе-жек төрт раундқа созылған болатын.
Жартылай жеңіл салмақта жергілікті боксшы Гуаньжи Женмен шаршы алаңға шыққан отандасымыз ұпай саны бойынша қарсыласын қапы қалдырды.
27 жасар боксшымыз Мирас Жақыпов Өскемен қаласының азаматы екенін айта кету керек.