Бүгін Қазақстандықтар асыға күткен жеңіл атлетика бәсекелері басталды. Дәлірек айтқанда үш қарғып секіру жарысы жалауын көтерді.
Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың нәтижесіне қызығып отырғандар көп-ақ. Бүгін іріктеу бәсекелері мәресіне жетті. Екінші мүмкіндігінде 14 метр, 39 сантимертге секірген отандасымыз үшінші нәтижемен финалдық кезеңге өтті.
Естеріңізге сала кетейік, финал 15 тамыз күні Астана уақытымен 05:55-те басталады.
Жарайсың Ольга! Алтын алуыңа тілектеспіз!!!