Дәулет Дәукеновтің соққысына ресейлік боксшы қарсы тұра алмады.
Ресейдің Екатеринбург қаласында 10 ақпанда «DIVS» үйінде RCC Boxing Promotions ұйымдастырып отырған бокс кеші өткен болатын.
25 жасар астаналық Дәулет Дәукенов өзінің алты раунқа жоспарланған бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келі) кездесуінде қарсыласы ресейлік Шамил Даутаев (3-2-0) болды.
Кештің алғашқы жұбында рингке көтерілген Дәулет, қарсыласын 4 раундтың екінші минутында құлатып жеңіске жетті. Осылайша, қазақ боксшысы карьерасында 4 жеңісіне жетіп, оның екеуін нокаутпен аяқтап отыр.

DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт