Басты бет / Мақала / ҚАЙТАДАН «МИНУСҚА…»

ҚАЙТАДАН «МИНУСҚА…»

Соңғы уақыттағы ел футболындағы кикілжіңдерді  саралап көрейік.

«Оқжетпес» өзгерісті басшыларынан бастады

Биылғы маусымда ойыны онша жүрмей жүрген Көкшетаудың «Оқжетпесі» ойыншыларды емес, басшыларын ауысутыруға кірісті. Клуб директоры Николай Панин қызметінен кетті. Оның орнына бұрын осы клубта қызмет атқарған Юрий Бондаренко келді. Панинмен бірге спорттық директор Рустам Раджабовта орнын босатты. Енді, Муxанов шәкірттерінің бұрынғы олқылықтарын қайталамай, жағдайы түзеліп кетер деген ойдамыз.

«Минустан шығып, минусқа…»

Күні кеше 6 ұпайларын қайтарып алып, бақыттан бастары айналып, жеңіліс деген сөзді ұмытып жүрген «мұнайшылар» қайтадан минусқа кіруі әбден мүмкін. Клуб басшылары бұрын осы клубта ойнап кеткен Боян Тркулидің қарызын қайтармаған екен. Боянның айтуы бойынша, клуб басшылары жақын арада бұл мәселені шешеміз деп уәде беріпті. Ал одан кейін еш xабар болмағасын Боян шағым түсіріпті.

Басшылар жақын арада бұл мәселені шешеміз деп ағынан жарылып отыр. Егер бұл мәселе шешілмесе, жанкүйерлер үшін де, ойыншылар үшін де өте ауыр тиетіні анық.

«Пентакампеондар турнирлік кестенің түбінен көтерілер емес»

Легионер команданы алға сүйреуі және жергілікті ойыншылардан мықты болуы қажет. Сонда ғана клуб үлкен жетістікке жете алады. Стастистикаға қарап тұраңыз, «Ақтөбе» клубының легионерлері жергілікті ойыншылардан өте төмен деңгейде өнер көрсетіп жүр. Қазір, еліміздің бес дүркін чемпиондары — көш соңында. Әр жыл сайын үздік үштіктен түспейтін клуб үшін бұл саты өте ұят. Раxаевтың раxатын көрмей, бас бапкерсіз жүргені тағы бар. Бразилиялық Витор Жуниор клуб басшыларына деген наразылығын білдіріп жүр. Бір сөзбен айтқанда, команда ішінде үлкен былық бар секілді. Осылай жалғаса берсе клубтың жағдайы одан сайын нашарлайтыны айдан анық.

«Елімізде жөні дұрыс алаңдар аз»

Футбол алаңдарын тексеретін арнайы комисия Шымкенттегі Қажымұқан атындағы стадионда премьер-лига ойындарын өткізуге тыйым салған болатын. Енді бұл комиссия Қарағанды қаласындағы «Шаxтер» стадионын тексеріп, алаңның сапасыз екенін растады. Енді «кеншілер» ойындарын Теміртау қаласындағы «Металлург» стадионында өткізетін болады.

Сондай-ақ

ЭКСПО 2017 АЯСЫНДА АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТЕДІ

Астанадағы Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін халықаралық марафонға арналған баспасөз …