Басты бет / Бокс / ҚАРАҚОЗЫ ӘБДӘЛИЕВ АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҚАРАҚОЗЫ ӘБДӘЛИЕВ АТЫНДАҒЫ БОКС ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

Қарақозы Әбдәлиев турнирі: Жомарт Ержан, Сағадат Рахманқұлов –жеңімпаз!

Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған бокстан 37-ші халықаралық турнир аяқталды. Шымкент төріндегі жеңіл атлетикалық манежде бір аптаға созылған бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімі белгілі. Әдеттегідей, ОҚО боксшылары 5 алтын, 1 қола иеленіп, жалпыесепте үздік шықты. Жамбыл облысы спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтады. Ал үздік үшінші орыннан көрінген – Астана қаласының боксшылары.


Атап айтқанда, Жомарт Ержан, Сағадат Рахманқұлов сынды елге белгілі боксшылар жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарды спорт ардагері Сейдахмет Қонақбаев, ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов, қонақтардан әлем чемпионы Өткірбек Хайдаров (Өзбекстан) т.б азаматтар марапаттап, құрмет көрсетті.
ОҚО денешынықтыру және спорт басқармасы, Шымкент қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі жарысты жоғары деңгейде өткізді.
Турнирдің үздік боксшысы – Жомарт Ержан.

Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған 37-ші Халықаралық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
49 кг
І орын-Ержан Жомарт. ОҚО
ІІ орын-Несіпжан Жандос ЦСКА
ІІІ орын-Даутов Дулат. Қызылорда
Мадиев Ермек Жамбыл
52 кг
І орын-Музапаров Анвар. ЦСКА
ІІ орын-Мадияр Жанұзақ Астана
ІІІ орын-Асқар Нұрлан Монғолия
Әміреев Нұрсұлтан Алматы
56кг
І орын-Абдуллаев Сирож Қырғызстан
ІІ орын-Қыдырбаев Жанболат Жамбыл
ІІІ орын-Тортаев Әлібек Атырау
Сүлейменов Илияс Астана
60кг
І орын-Сарсенов Мирас-али Жамбыл
ІІ орын-Рустамов Рустам Алматы
ІІІ орын-Ертанов Мирас Талдықорған
Жұмсақбаев Дарxан Астана
64кг
І орын-Холдаров Икболжан Өзбекстан
ІІ орын-Мижитов Дилмурат ЦСКА
ІІІ орын-Кушенбаев Жанибек Жамбыл
Умурзаков Равшан Өзбекстан
69кг
І орын-Сағадат Раxманкулов Жамбыл
ІІ орын-Асланбек Шымбергенов Жамбыл
ІІІ орын- Преображенский Влад Ақмола
Қонарбай Бақытжан ЦСКА
75кг
І орын-Омар Жасұлан ОҚО
ІІ орын-Орынғали Алмазбек БҚО
ІІІ орын-Омирали Ғабит Жамбыл
Саметов Баянбек Талдықорған
81кг
І орын-Тәшімбет Алмас ОҚО
ІІ орын-Негмотуллоев Шаббос Тәжікстан
ІІІ орын-Жарманов Нұрдаулет Ақмола
Алтаев Нұрбол ОҚО
91кг
І орын-Нұрлан Нұрсейтов ОҚО
ІІ орын-Әділет Орынбасаров Астана
ІІІ орын-Зиятдинов Анвар Армения
Төлеубаев Саламат Алматы обл
+91кг
І орын-Сапарбай Нұрлан ОҚО
ІІ орын-Альджанов Раxман Атырау
ІІІ орын-Нұрxан Марал Алматы
Төлен Ерболат Манғолия

Сондай-ақ

АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

69 келі салмақта 2016 жылғы Қазақстан чемпионы Абылайхан Жүсіпов Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы …