Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / ЧИНШАНЛО ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ЧИНШАНЛО ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бірінші орын алып, өз бабында екенін дәлелдеді.

Допинг дауына байланысты спорттан шеттетілген Чиншанло, жаза мерзімі аяқталып, спортқа қайтып оралды.

55 келіге дейінгі салмақта жарысқа қатысқан Зульфия, жұлқа көтеру жаттығуында 87 келіні көтерсе, ал серпе көтеру жаттығуында 115 келіні көтерді. Нәтижесінде 202 келі көрсеткішпен ел чемпионы атанды.

Екінші орынды Ақмарал Үргембаева (58+76) алды. Ал үшінші орынды Камила Острикова (58+75) алды.

Енді Зульфия Чиншанло Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН МЕН КАНЕЛОНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ ҮШІН ТАБАТЫН ҚАРАЖАТТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Танымал испандық AS.com басылымы, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы …