Әзірбайжан астанасы Баку қаласында 4-ші Ислам ынтымақтастық ойындары өтуде. Қазақстандық таеквондошылар екінші жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
Ерлер арасында 63 келі салмақта ұлттық құрама мүшесі Әлімжан Серікбаев сынға түскен болатын. Отандасымыз күміс жүлдегер атанды. Финалда Иран елінің таеквондошысы сәл басымдылық танытып, чемпион атанды.
Бұдан бұрын қыздар арасында Айнұр Есбергенова күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.