Үндістан елінің Мумбай қаласында каратэ спортынан әлем чемпионаты өтті. Қазақстан намысын қорғаған 28 жастағы Жанбота Тәшенова мен 6 жасар Джаноб Гафуров чемпион атанды.
Спортшылардың айтуынша, аталмыш әлемдік турнир қазақстандық спортшылар үшін жемісті болды. Жалпы алғанда, шығыс жекпе-жегінің 15 шебері 22 алтын медаль еншілеп қайтты. Ол туралы: «Өте ауыр болды. Үш айдың көлемінде күндіз-түні дайындалдық», — деді Жанбота Тәшенова.
Ал, алты жасар әлем чемпионы Джанобтың ата-анасы ұлдарының жетістігіне қатты қуанды:
«Біз ұлымызды мақтан тұтамыз! Ол Үндістандағы жарыста еліміздің абыройын асқақтатты! Алдағы уақытта да жеңіс тұғыранан түспейтініне сенеміз. Ол Қазақстанның туын барлық жерде биік көтеретін болады!»,-деді олар.
Әлем жеңімпаздары енді қараша айында Францияда өтетін халықаралық турнирге дайындалатын болады.