Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / МИНСКТЕ МУАЙ-ТАЙДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МИНСКТЕ МУАЙ-ТАЙДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Беларусь астанасы Минск қаласында Муай-Тай спортынан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Әлемнің кіл мықты спортшылары жиналған бәсекеде Қазақстан намысын 17 спортшы қорғауда.

Жарыстың алғашқы күні алты спортшымыз сайысқа түсті. Қорытындысында бесеуі келесі кезеңге өтіп, тек Тажанов Аян ғана тәжірбиелі қарсыласына есе жіберді.

— Минск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының деңгейі өте жоғары, — дейді Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, түрлі додаларда оза шауып жүрген Атыраулық спортшы Ищан Галиев. — Беларусь мемлекеті Муай-Тай спорты бойынша әлемнің алды. Сол себепті шығар биылғы жылы барлық жағдай жасалып, жарыс керемет ұйымдастырылыпты. «А» санатындағы қарсыластарды болжап білу өте қиын. Кейбір елдерде муай-таймен кәсіпқой түрде айналысады. Менің кешегі Америкалық қарсыласым өте мықты екен. Ол туралы жекпе-жек алдында бірақ ақпарат жинап алдым. Кәсіпқой рингте шыққан видео жазбаларын көіп шықтым, — дейді Ищан.

Атыраулық спортшы әлем чемпионатының алтынын алуды көздеп отыр. Оның келесі айналымдағы қарсыласы Иззраил спортшысы болмақ.

Бүгін, 6 мамыр күні төрт спортшымыз іріктеу сайыстарына қатысады.

 

Сондай-ақ

«АЛТАЙ» ОРАМАЛДЫ ҚЫЗДАРДЫ ОЙСЫРАТА ҰТТЫ

Волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында топтық кезеңнің соңғы тур ойындары өтуде. Б.Александров атындағы …