Басты бет / Бокс / ВИКТОР КОТОЧИГОВ ТЕХНИКАЛЫҚ НОКАУДПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ВИКТОР КОТОЧИГОВ ТЕХНИКАЛЫҚ НОКАУДПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Отандасымыз Виктор Коточигов кәсіпқой бокстағы өзінің кездесуін Мәскеуде (Ресей) өткізді.

Қазақстандық боксшының қарсыласы дебюттік кездесуін өткізген ресейлік Максим Услисти Рыбченко. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын, жеңіл салмақта (61,2 келіде — 135 фунт) өткен кездесуде 2 раундта көп соққы жіберген ресейлік, кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, Виктор Коточигов осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 3 кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен.

Сондай-ақ

ГАРРОС — ШВЕДОВА БІРІНШІ АЙНАЛЫМНАН АСА АЛМАДЫ

Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионаты — Ролан Гаррос турнирінің бірінші айналымында Қазақстанның екінші, әлемнің …