Бангкокта бокстан жастар арасында Азия чемпионатының үшінші күні өтті. Жарыс жолына төрт боксшымыз шықты.
52 келіде Айбек Досанов Ирандық Пейман Шахпарибенешти 5:0 есебімен оңай ұтты. 60 келіде Саматәлі Толтаев Оңтүстік Корея боксшысы Ким Джунхионгті тізе бүктірді.
81 келіде Эльдияр Қамшыбеков Қытайлық қарсыласы Майердан Маймайтиді 5:0 есебімен ұтты.
Қазақтың салмағы атанған 69 келіде Ермахан Жақпеков жапондық былғары қолғап шеберінен жеңіліп қалды. Эссей Арамото Ермаханды 5:0 есебімен, айқын басымдылықпен ұтты.