WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне билеттер кездесудің өтуіне екі айға жуық уақыт қалғанда түгел дерлік сатылып кетті, деп хабарлайды championat.com.
Головкин мен Альварес 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 21 мың адам сыятын T-Mobile аренасында кездеседі. Қазіргі уақытта 20 мың билет сатылып кеткен. «Билеттер жылдам сатылып жатыр. Соңғы деректер бойынша мыңға жуық қана билет қалған», — деп хабарлайды Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN-ге берген сұхбатында.
Билет бағасы 300 доллардан басталады.
inform.kz