Басты бет / Соңғы жаңалықтар / АЛМАТЫ ӘКІМІ «ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КЛУБЫН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІНДЕГІ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АЛМАТЫ ӘКІМІ «ҚАЙРАТ» ФУТБОЛ КЛУБЫН ҚАЗАҚСТАН КУБОГІНДЕГІ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Қайрат» футбол клубының ойыншыларымен, жаттықтырушылар штабымен, әкімшілігімен кездесіп, «халық командасын» 2017 жылғы Қазақстан кубогін жеңіп алғандығымен құттықтады.

Алматы әкімі барша ұжымның тындырымды еңбегі және жанкүйерлердің тұрақты қолдауы арқасында алматылық клубтың осымен сегізінші рет жүлделі трофейдің жеңімпазы атанғанын атап өтті.

«Футбол – барынша танымал ойындардың бірі, ал «Қайрат» — ауладан шыққан еліміздің әйгілі клубтарының бірі. Жеңіс қашанда жанкүйелердің рухын көтереді, ал ұлдарды жастайынан спортпен айналысуға жетелейді», — деді мегаполис әкімі.

Мегаполис әкімі қалада қажетті инфрақұрылымның жасалғандығын, ірі халықаралық жарыстардың жиі өтетіндігін айтты. Өткен жылдан бері бұқаралық спортты қолдау мақсатында «Спорттық  Алматы» бағдарламасы іске асырылуда, 280 аула алаңдары салынды, биылғы жылы тағы да 450 алаң салынуда, оның ішінде кіші футбол алаңдары да бар. Сонымен қатар, «Менің ауламның спорты»  бағдарламасы да жүзеге асуда, ол 6 мыңнан астам баланы қамтуда.

Клубтың  атынан барлық жанкүйерлерді команданың жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин жеңіспен құттықтады.

«Қайрат» — ел үшін үлкен тарих. Әр жеңіс баланың спортқа деген ынтасын арттырады, сондықтан жаңа жеңістерге жету үшін біз барлық күш- жігерімізді жұмсаймыз», — деді А.Аршавин.

«Қайрат» футбол клубы 1954 жылы құрылған болатын. Алматылық клуб Қазақстанда барынша танымал, оның қоржынында Қазақстанның 8 Кубогі, 2 Суперкубок және  2 чемпиондық титул бар. Бүгінгі күні клубтың инфрақұрылымын 16 футбол алаңы бар бес объект құрайды. «Қайрат» ФК-ның академиясында Қазақстанның әр қаласынан 600 жас футболшы тәрбиеленуде.

Сондай-ақ

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

15-18 қазан аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында ескек есу спортынан Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар …