30 маусым — 4 шілде аралығында Хорватияның Умаг қаласында каратеден 10-шы мәрте ұйымдастырылған жастар арасындағы әлем кубогы өтті. Бұл Бүкіләлемдік Карате федерациясының (WKF ) күнтізбесіндегі негізгі дода болып табылады.
Атыраулық «Қайсар» клубының спортшысы Батырғали Әбілмансұр әлем кубогында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Айта кету керек, каратенің бұл түрі 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына енген болатын.
63 келіде күш сынасқан Әбілмансұр жеңіске жету үшін алты кездесу өткізді. Словениялық қарсыласын 3:0, Хорватиялықты 8:0, Польшалық спортшыны 3:0, Боснялықты 1:0, Италиялықты 7:0 есебімен жеңді. Ақтық сында тағы бір Италия спортшысымен шығып, 5:1 есебімен басым түсті.