Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / КАРАТЭШІЛЕРІМІЗ ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

КАРАТЭШІЛЕРІМІЗ ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Қазақстандық каратэшілер Франциядағы Еуропа Чемпионатында жүлделі орындар иеленді.

Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының құрамасы Францияның Лион қаласында 19-21 мамыр күндері өткен Еуропа Чемпионаты және Біріншілігіне қатысып, 3 күміс, 6 қола медальді ел қоржынына салды.

Бұл беделі зор Чемпионатта 27 елдің 600 ден астам спортшыларымен бірге Қазақстан құрамасының 20 спортшысы бағын сынады. Жарыстың алғашқы күні 12 мен 17 жас аралығындағы жеткіншектер, юниорлар және қыздар арасында өткен додада Астаналық Мирас Керім (14-15 жас, 50 кг) және Мәдина Сауытова (16-17 жас, 50 кг) ақтық сынға дейін жетіп, төрешілердің шешімімен 2 орынға ие болды.

5 қола медальді Жамбыл облысының 12-13 жас аралығында 40 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Қуаныш Датқа, Астаналық Нұрасыл Мықтыбек (14-15 жас, 55 кг) және Марал Кустаева (14-15 жас, 55 кг) иеленді. 16-17 жас аралығында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2 қоланы Астаналық Қуандық Мукаевпен Қызылордалық Нұрбақыт Жұмабек иеленді.

Жарыстың соңғы күні ерлер арасындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын Қазақстан Кубогынің 2 мәрте жеңімпазы Атыраулық Андрей Котов мықты жекпе-жектер көрсетіп финалда Ресейлік спортшыға вазари әдісімен жеңіліп күміс медальға ие болды.

Ерлер арасында 80 келі салмақта Қазақстан атынан көптеген Республикалық және Халықаралық жарыстар жеңімпазы Ақмола облысынан барған Ерболат Канапин қола медальді қанжығасына майлады.

Сондай-ақ

«АЛТАЙ» ОРАМАЛДЫ ҚЫЗДАРДЫ ОЙСЫРАТА ҰТТЫ

Волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында топтық кезеңнің соңғы тур ойындары өтуде. Б.Александров атындағы …