22-29 мамыр аралығында Ташкент қаласында парадзюдодан Азия өтуде. Құрлық біріншілігіне 10 елден 150-ден астам балуан қатысуда. Қазақстан намысын байрақты бәсекеде алты спортшы қорғауда.
Бірінші жарыс күні Атыраулық балуан Теміржан Дәулет 73 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді. Құрама сапында үш бірдей Атыраулық балуан ел намысын қорғады. Олар Ануар Сариев, Темірболат Ташекенов және Дәулет Теміржан, — деп хабарлайды Атырау облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Азия Чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыста қола медальға ие болды. 4:0 есебімен Ирак спортшыларын жеңген отандастарымыз жарысты 3-орынмен аяқтады.
І орын — Корея
ІІ орын — Иран
ІІІ орын — Қазақстан
ІІІ орын — Өзбекстан
Айта кетерлігі, қазақстандық парадзюдоистер Азия Чемпионатына бірінші рет қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.