Басты бет / Басқа түрлер / МЕДЕУ МҰЗ АЙДЫНЫНДА ЖАППАЙ КОНЬКИ ТЕБУ МАУСЫМЫ БАСТАЛАДЫ

МЕДЕУ МҰЗ АЙДЫНЫНДА ЖАППАЙ КОНЬКИ ТЕБУ МАУСЫМЫ БАСТАЛАДЫ

Алматыда Медеу мұз айдынында жаппай коньки тебу маусымы басталады

Қазанның 21-і күні Медеу мұзайдыны Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарын коньки тебу қысқы маусымының ашылуына шақырады.

Спорттық шара құрметіне келушілерді концерттік бағдарлама, xаскилермен фото аймақ және түрлі сайыстар күтеді.Бағдарлама бойынша қонақтар негізгі саxнада кішігірім концертті тамашалай алады.12:00 -15:00 және 19:00 – 22:00 уақыт аралығында «Medeu band» тобы өнер көрсетеді. Ал кішкентай бүлдіршіндер xаскилермен естелік суретке түсіп, аниматорлар мен клоундармен бірге көңіл көтере алады. Ал жүргізуші Мұрат Мутурганов келушілерге меркелік көңіл күй сыйлайтын болады.

Айта кетер жайт, Медеу мұзайдыны осы жылы 45 жылдығын тойлауда! Мұзайдын әкімшілігі бұл маусымның ерекше болатынын атап өтті. Сондай-ақ, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында қалаушыларды коньки тебуді тегін үйрету, қысқы фестивальдер және тағы да басқа шараларды ұйымдастыру жоспарда бар екенін айта кетті.

Сондай-ақ

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

15-18 қазан аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында ескек есу спортынан Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар …