Алматыда Coca Cola компаниясының қолдауымен ҚР ҰОК-мен бірлесіп, 5-8 сынып оқушылары арасында «Olympic moves» спартакиадасының аудандық кезеңі өтті.
Әуезов, Алатау және Наурызбай аудандарының оқушылары спорттың төрт түрінен өзара мықтыны анықтады,жеңіл атлетика (5 класс), шағын футбол (6 класс), баскетбол (7 класс) және волейбол (8 класс). Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі жарысқа тек іріктелеген, үздік ұжымдар қатысуда.
— Бүгін әр ауданнан 6 команда қатысуда, олар сол ауданның үздіктері. Мәселен, біздің ауданда 32 мектеп бар, олар алты топқа бөлініп, жүйрікті анықтады. Әр топ 6, 5 командадан құрылған. Ал топ жарған үздіктер бүгінгі жарыстарда басқа аудан мектептерінің оқушыларымен бақ сынасты. Қатысушылардың дайындығы жоғарғы деңгейде, олар өз ісінің шеберлері. Ұзақ уақыт бойы спортпен айналысатын оқушылар. Бізді осындай ірі демеушілер қолдап жатқанына қуаныштымыз. Әуезов ауданы қалалық турнирде жүлделі орынға ие болатынына сенімдіміз, — деп атап өтті Әуезов ауданының әдіскері Марат Досжанов.
Нәтижелер бойынша, қалалық турнирде әр спорт түрінен өз аудандарының намысын қорғайтын командалар белгілі болды. Қалалық турнир мамырдың 28-і күні, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт алаңында өтеді.
— Бүгінгі жарыс қызықты өтті. Біздің ұжымның жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Командамызбен бір отбасындай болып кеткенбіз, әрқашан бірлесіп ойнаймыз. Сонымен қатар, біздің бапкеріміз өте жақсы, оған қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Осындай жарыстарға алғаш рет қатысып жатырмын. Біздің ұжым қалалық турнирге жолдаманы жеңіп алғанына қуаныштымын. Бар күшімізді салып, жеңуге тырысамыз, — деп бөлісті Анастасия Баранова.
Жарыс нәтижелері бойынша жүлделі орындарға грамоталар берілді, ал бірінші, екінші орындарды иеленген қатысушылар мамырдың 28-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде өтетін қалалық турнирдің шешуші кезеңіне жолдама алды.
— Мен жеңіл атлетикадан жарыстарға қатыстым. Маған барлығы ұнады, өте қызық болды. 30 шақырым жерді 4,9 минутта жүгіріп өттім. Жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Жалпы мұндай жарыстарға жыл сайын қатысамын. Демеушілер мен ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, — деп әсерлерімен бөлісті 1 гимназия оқушысы Кристина Шведко.
Айта кетсек, жарыс ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Coca Cola компаниясы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен салауатты өмір салтын насихаттау, жеткіншектерді спортқа қызықтыру мақсатында ұйымдастырылады.
Бүгінгі жарыстың нәтижелері:
Жеңіл атлетика
Қыздар:
I – 6 топ
II – 4 топ
III – 3 топ
Ұлдар:
I – 4 топ
II – 3 топ
III – 6 топ
Волейбол
Ұлдар:
I – 173 мектеп
II – 175 мектеп
III – 121 мектеп
Қыздар:
I – 27 мектеп
II – 5 мектеп
III – 173 мектеп
Шағын футбол
Қыздар:
I – 116 мектеп
II – 175 мектеп
III – 6 мектеп
Баскетбол
Ұлдар:
I – 6 мектеп
II – 111 мектеп
III – 158 мектеп
Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі