Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / «Ukraine Open Cup 2017» ТУРНИРІНДЕ ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Ukraine Open Cup 2017» ТУРНИРІНДЕ ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

 

Украинаның Харьков қаласында таеквондодан  G-1 «Ukraine Open Cup 2017» турнирі өтуде.

Молдава, Украина, Түркия, Греция, Әзірбайжан, Беларусь, Чехия, Польша, Литва, Бразилия және Қазақстан құрамалары қатысып жатқан Халықаралық бәсеке тартысқа толы болды.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған болатын. Екінші жарыс күні одан да сәтті өтті. Спортшыларымыз 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді.

1 орын — Қазыбек Бақтиярұлы 63 кг.

1 орын — Ерасыл Қайырбек 68 кг.

1 орын — Жазира Сапарбек 53 кг.

1 орын — Мереке Жүнісова +73 кг.

2 орын — Смайл Дүйсебай 87 кг.

3 орын — Нұрсұлтан Мамаев 68 кг.

«Бүгін үш кездесуімді де жеңіспен аяқтадым. Финалдық кездесу ауыр болды. Украиналық қарсыласымның танымал, әрі физикалық тұрғыдан мықты екені байқалып тұрды. Жарыс ұйымдастыруы ұнады. Келесі жылы да келуге қарсы емеспіз. Тағы да келіп, жеңіске жетемін деген ойдамын», — дейді 63 келі салмақта чемпион атанған отандасымыз Қазыбек Бақтиярұлы.


 

«Былтыр мен Украинаның Львов қаласында өткен  «Ukraine Open Cup»  турниріне қатысқан болатынмын. Ол кезде жүлдее іліне алмадым. Бүгін жеңіске жетіп отырмын. Финалға дейңн біраз шаршап қалдым. Daedo жүйесі бойынша жұмыс жасау маған сәл ауырлау. Себебі біз Азияда басқа жүйемен жаттығамыз. Бұл жолы жергілікті спортшылармен кедесудің реті болмады. Бірақ Украиналықтар мықты екенін айтиа кету керек», — дейді 68 келі салмақтың чемпионы Ерасыл Қайыргелді.

 

«Мен Украиналық спортшыларға қарсы үш кездесу өткіздім. Спортшылардың деңгейі өте жоғары екен. Әсіресе ақты сындағы Аннна Сорока күштірек екен. Оны бұрыннан білемін. Бірақ бірінші рет жекпе-жеккке шығып отырмыз. Бұл турнир маған еренкше ұнады», -дейді 53 келі салмақтың жеңімпазы, отандасымыз Жазир Сапарбек.

«Бұл турнирде мен екі кездесу өткеіздім. Екеуі де жергілікті Украиналық спортшыларға қарсы. Олар да мықты екен. жаттықтырушыларымның нұсқауын тыңдап, жеңіске жеттім. Біздің құрама бұл турнирде өте жақсы нәтиже көрсетті. Бірақ оңайға түсті деп айтуға болмайды. Көптеген салмақ дәрежелерінде бәсекелестік жақсы болды. Менің бұл Харьковте бірінші рет болуым. Қала өте әдемі екен», — дейді +73 келі салмақтың чемпионы, Мереке Жүнісова.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШӨГЕНШІЛЕР ГЕРМАНИЯ ЕЛІНЕ АТТАНБАҚ

Қазақстан шөген федерациясы баспасөз-конференциясын өткізіп, «Munich Gold Cup 2017» (Мюнхен, Германия, 25-28 мамыр аралығы) халықаралық …