Алексей Юрьевич Полторанин 1987 жылы 29-шы сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстандағы, қала берді бүкіл әлемдегі танымал шаңғышы. Әлем чемпионатының жүлдегері. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері.
Қазақстандық шаңғышылар десек ең бірінші ретте еске Алексей Полторанин түседі. Қазіргі кезде сайысқа түсіп жүрген шаңғышылар арасында отандасымызды классикалық әдістің «корольі» деген есіммен атайды. Себебі, классикалық әдіспен жүруде әлемнің ең атақты шаңғышыларының өзі жарыс бойы Алексейдің әр қадамын бақылаумен өтеді.
Әр спортшының спорттық мансабымен танысарда бірінші кезекте Олимпиада ойындарындағы нәтижелеріне мән беріледі. Атақты отандасы Владимир Смирнов секілді Олимпиада ойындарының чемпионы атану Алексейдің алдына қойған ең басты мақсаты. 2018 жылы Оңтүстік Корея елінде өтетін Олимпиада ойындарына Полторанин осы межені бағындыруға тырысатыны сөзсіз.
Олимпиада ойындары
29 жасар Алексей Полторанин осы уақытқа дейін үш бірдей ақ ойындарға қатысып үлгерді. 2006 жылы Туринде өткен ойындарда 15 км-лік классикалық әдіспен жүру сыңында 39-шы орыннан көрінді. Ванкувер Олимпиадасында үш қашықтықта бақ сынады. 15 км-лік классикалық әдіспен жүру сыңында 14-ші орыннан көреінді. Ал жекелей және спринттік бәсекелерде бесінші орынды иеленді. Сочи Олимпиадасында 15 км-лік классикалық әдіспен жүруде 9-шы орын алды. Скиатлонда 16-шы келді.
Әлем чемпионаттары
- 2007 жылғы Жапионияның Саппоро қаласында өткен әлем біріншілігінде спринттік сайыста 17-ші келді. Із кесу сыңында 32 орыннан көрінді. Эстафеталық құрамда 7-ші орын алды.
- 2009 жылғы Чехияның Либерец қаласындағы әлем біріншілігінде Алексей бес қашықтықта бақ сынады. Өзінің оң жаңбасына келетін 15 км-лік қашықтықта 16-шы нәтиже көрсетті. 30 км-лік скиатлонда 49-шы, спринтте 45-ші, Николай Чеботькомен жұптық спринтте 7-ші және эстафетада 10-шы орыннан көрінді.
- 2011 жылы Норвегияның Осло қаласында 15 км-лік классикалық әдісте 31-ші. Николай Чеботькомен жұптық спринтте 6-шы және эстафетада 13-ші орыннан көрінді.
- 2013 жылы Италияның Валь-ди-Фьемме қаласы Полторанин үшін табысқа толы болды. Николай Чеботькомен жұптық спринтте көптен күткен қола медаль қоржынға түсті. Чемпионаттың келесі күнінде 50 км-лік классикалық марафонда Алексей тағы бір қола медаль еншіледі.
Әлем чемпионаттары:
2013 — Валь-ди-Фьемме 3-ші, 50 км-лік классикалық әдістегі масс-старт
2013 — Валь-ди-Фьемме 3-ші, еркін әдістегі командалық спринт (Чеботькомен бірге)
- Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары
- 2004 — Стрюн 1-ші, эстафета 4×10 км (Кошев / Черепанов / Сафоновтармен бірге)
- 2007 — Тарвизио 2-ші, 10 км еркін әдіс
- Жастар арасындағы әлем чемпионаттары
- 2008 — Маллес-Веноста 2-ші, 15 км классикалық әдіс
- 2009 — Пра-де-Лис 2-ші, 15 км еркін әдіс
Қысқы Азия ойындары
Алексей 2007 жылғы Қытайдың Чанчунь қаласында өткен Азия ойындарында спринттік сайыста күміс жүлде еншіледі.
2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өткен ойындарда Алексей Полторанин «ең үздік» спортшы атанды. Ол бір өзі 4 алтын және 1 қола медаль еншіледі.
- 2007 — Чанчунь 2-ші, спринт еркін әдіс
- 2011 — Алматы 1-ші, спринт классикалық әдіс
- 2011 — Алматы 1-ші, командалық спринт, еркін әдіс ( Чеботькомен бірге)
- 2011 — Алматы 3-ші, 10 км классикалық жекелей сын
- 2011 — Алматы 1-ші, 30 км масс старт. классикалық әдіс
- 2011 — Алматы 1-ші, эстафета 4×10 км ( Черепанов / Чеботько / Величколармен бірге)
Әлем кубогы
Алексей өзінің әлем кубоктарындағы алғашқы жеңісіне 2010 жылы қол жеткізді. Ол Швейцарияның Давос қаласында өткен екінші кезеңдегі 15 км-лік классикалық сайыс болатын. Осыған дейін спринттік қашықтықтарда мықты саналып келген Полтораниннің бұл жеңісін мамандар сенсацияға балады.
2011-2012 жылғы маусымда тағы бір жеңіс Финляндияның Куусамо қаласында 15 км-лік із кесу сайысында орын алды. Оған қоса Словенияның Рогл қаласында 15 км-лік классикалық сайыста қола жүлде еншіледі.
Осылайша әлемдік аренаға нағыз шебер деңгейінде мықтап орныққан Алексей бірнеше жарыстарда жеңіске жетті:
- 2010 — Куусамо спринт классикалық әдіс
- 2010 — Давос 15 км классикалық әдіс
- 2011 — Куусамо 15 км классикалық әдіс
- 2011 — Рогла 15 км классикалық әдіс
- 2012 — Елливаре 15 км еркін әдіс
- 2013 — Ла-Клюз 15 км классикалық әдіс
- 2013 — Давос спринт классикалық әдіс
- 2013 — Лахти 15 км классикалық әдіс
- 2013 — Драммен спринт классикалық әдіс
- Тур де Ски кезеңдері
- 2013 — Доббьяко 5 км классикалық әдіс, жекелей сын
- 2013 — Валь-ди-Фьемме 15 км классикалық әдіс
- 2014 — Ленцерхайде 15 км классикалық әдіс
- 2015 — Доббиако 10 км классикалық әдіс, жекелей сын
- 2016 — Оберстдорф 15 км масс старт классикалық әдіс
- 2016 — Валь-ди-Фьемме 15 км масс старт
Алексей Полторанин 2016-2017 жылғы маусымға тыңғылықты дайындық үстінде.