Бұрынғы екі бірдей салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Сауль Альварес (47-1-1, 33 КО) кезекті мәрте Головкинді кінәлады. Онымен түбі жекпе-жек болатынына уәде берді.
Головкин кімдерді нокаудпен жеңіп еді? Олар кімдер?
«Мен спорттық мансабымда ешкімнен қашқан емеспін, Головкиннен де. Көп адамдар оны үздік санайды, бірақ ол ешкіммен жұдырықтаспады. Ол кімдерді ұрып жүр? Мен білмеймін. Білетінім түбінде мен онымен шаршы алаңға шығамын. Кездесу бір реті келген уақытта болады. Мен оған барлық мансабымды бердім. Бірақ бұдан әрі олай болмайды» — деді Альварес.
Естеріңізге сала кетейік, Сауль Альварес WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) белдігін Головкинге төбелессіз бере салды. Негізінен, бұл белдікке таласу үшін, мексикалық пен Геннадий Головкин қолғап түйістіруі керек болған.